Өскеменде үйінен қашып кеткен 8-сынып оқушысы тұрмысқа шығып кеткен

07.10.2021 14:41

Тәртіп сақшылары қызды ата-анасының үйіне қайтарды

© Sputnik / Тимур Батыршин

Өскеменде үйінен қашып кеткен қыз Алматыда тұрмысқа шығып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өскемен қаласында 48 жастағы әйел қалалық полиция басқармасына хабарласып, кәмелетке толмаған қызы жоғалғанын айтты. Оның 8-сыныпта оқитын қызы маусым айының соңында Алматыға кетіп қалған. Әйел оны үйіне өзі алып келмек болған. Алайда қаладан шығар тұста жанармай бекетіне тоқтаған сәтте қызы қайтадан қашып кеткен. 19 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызды ШҚО криминалдық полиция қызметкерлері тапты. Жеткіншекпен сөйлескен жедел уәкілдер үйден өз еркімен кеткенін анықтаған. Ол Алматыда өмір сүргісі келіп, сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып кеткен», – делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары қызды ата-анасының үйіне қайтарды.


Теги: қыз