Алматылық тұрғын алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды

30.09.2020 20:32

Бұл туралы Әділет департаменті мәлімдеді

total.kz

Алматыда Абай даңғылындағы үй иесі алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды. Бұл туралы Әділет департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Кәмелетке толмаған баланы асырау үшін еңбекақы мен басқа да кірістердің барлық түрінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде ай сайынғы алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық соты шығарды.

Баланың әкесінің жалпы қарызы 2 323 066 теңге болған кезде мүлік сатылды.

«Сатып алу-сату шартына сәйкес, тыйым салынған жылжымайтын мүлік 20 484 149 теңгеге сатылды. Төлем тапсырмасы бойынша алимент қарызы 2 323 066 теңге өндіріп алушыға аударылды», – дейді департамент өкілдері.

Еске салайық, 22 қыркүйекте алимент төлемеген астаналық та Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлігінен айырылған болатын.