ҚР Парламенті сессиясының жабылуы 30 маусымға жоспарланып отыр

26.06.2020 14:42

ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылдың 30 маусымында сағат 10:00-де өтеді

parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылдың 30 маусымында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚазАпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабы 2 тармақшасына сәйкес, ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылдың 30 маусымында сағат 10:00-де өтеді», – делінген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған құжатта.