«ШҚО-да жер сатылып жатыр» деген жел сөз болып шықты

 «ШҚО-да жер сатылып жатыр» деген жел сөз болып шықты
Күршім әкімі жер сатылып жатыр деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осыдан біраз бұрын интернетте ШҚО Күршім ауданында 40 мың гектар жер қытайлықтарға сатылып кетті деген ақпарат тарап кеткен болатын. Онда жергілікті халықты көшіру үшін әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріліп жатқаны жайлы да айтылды. Желдей гулеген бұл әңгіме жергілікті атқамінерлердің де құлағына тиген.  Осыған орай олар ресми мәлімдеме  жасап, мұның жалған ақпарат екенін айтты, деп хабарлады ktk.kz.

Күршім әкімдігі елімізде жерді сатуға мораторий жарияланғанын алға тартып, қандай да бір шетел азаматына тоқымдай да жер берілмегенін шегеледі. Олар халықты түрлі месенджерлерде тараған жалған ақпаратқа дүрлікпей, сабыр сақтауға шақырады. Жердің шетелдіктерге сатылмайтынын жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қадап айтқан болатын.

«Жер тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік үлесі жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға беріледі. Күршім ауданының ауыл шаруашылығы жерлерінде өзіміздің азаматтар қалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағып еңбектеніп жатыр. Жалған ақпарат тартпауларыңызды сұраймын», - деді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Новости партнеров