Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

19.04.2020 в 14:43

19 сәуірде православ христиандары айтулы мерекелерінің бірін атап өтеді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.  

«Алматының православие қауымын Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл айтулы мейрам қуаныш, асқақ рух пен жігер сыйласын. Төзім мен мейірімділік, жақыныңа жәрдемдесу сынды ізгі амалдар қазіргі қиын күндерді еңсеруге көмектеседі», - деп атап өтті қала басшысы.