Ол демалыс аймағындағы жағажайға ата-анасымен бірге қыдырып келген
Оқиға Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында, «Жасыбай» демалыс аймағында болған. Жасөспірімді құтқарушылар судан аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«11-сынып оқушысы демалыс аймағындағы жағажайға ата-анасымен бірге қыдырып келген. Көлде шомылып жүріп, суға бата бастаған. Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы кезекшілік атқарған жерден бірден екі құтқарушы жұмылдырылды. Екеуі жасөспірімді судан аман шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке келді