Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарға осындай тілегін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.
Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!» – делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың құттықтауында.
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Қазақстанда 21-23 наурыз күндері аралығында атап өтіледі. Бұл күндер мерекелік демалыс саналады.