Нәресте аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
Талдықорғанда екі жастағы сәби мектепке дейінгі балалар мекемесінің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаменті.
Оқиға 15 мамыр күні болған.
Екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен қыз баланың ауыр жарақат алғаны хабарланды.
Нәресте аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.