Атырауда батарейка жұтып қойған 11 айлық бала көз жұмды

10.01.2020 14:44

28 желтоқсанда балаға ауа жетпей, жүрегі тоқтаған

azh.kz10 Қаңтар 2020, 08:55

Облыстық балалар ауруханасында 11 айлық ұл бала батарейка жұтып қойып, қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы жақында ғана белгілі болды.

Аурухана сәбидің өлімін растап отыр.

«Баланың ішіндегі батарейканы рентген арқылы көрдік. Ауруханада балаға толық наркоз беріліп, эндоскопия процедурасын жасап, қауіпті затты шығарып алмақ болған. Осы кезде сәбидің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер затты ала алмаған. Сол бойда жасалған ота да көмектеспеді. 28 желтоқсанда балаға ауа жетпей, жүрегі тоқтаған», - деді Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Теги: Атырау