Қазақстаннан Беларусь бітімгерлері мінген 10 ұшақ кетті

14.01.2022 14:44

Армения, Беларусь, Тәжікстан бітімгерлері үйлеріне оралу үшін әскери техникасын жөнелтуге кірісті

Фото ©REUTERS

Беларусь бітімгерлері мінген он ұшақ Қазақстаннан Ресейдің Минск облысына ұшты, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Беларусь елінің ҰҚШҰ бітімгерлері мінген он ұшақ Жетіген аэродромынан Минск облысына ұшты. Армения мен Тәжікстан бітімгерлері де Ресейдің ұшақтарымен елден шығарылады", – делінген хабарламада.

Армения, Беларусь, Тәжікстан бітімгерлері үйлеріне оралу үшін әскери техникасын жөнелтуге кірісті. 

Қырғызстан елінің бітімгерлері елдеріне өз күштерімен жетеді.