|
13.03.2019 | 09:44
1589

Шымкентте есірткі тасымалымен айналысқан 28 жастағы қыз ұсталды

Бойжеткеннің айтуынша, бұл іске араласуына алматылық танысы итермелеген

Шымкентте есірткі тасымалымен айналысқан 28 жастағы қыз ұсталды NUR.KZ

Шымкентте есірткі бизнесімен айналысты деген күдікпен 28 жастағы бойжеткен қамауға алынды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Құрықтау кезінде күдікті қыздың көлігінен есірткі тектес зат табылды.

Одан бөлек, «Нұрсәт» шағынауданындағы пәтерінен де есірткі заттары тәркіленіп алынған.

Алдын ала сараптама нәтижесі бойынша, бұл заттардың есірткі таблеткалары екендігі анықталған.

Бойжеткеннің айтуынша, бұл іске араласуына алматылық танысы итермелеген.

Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде танысқан жігіт бойжеткенге есірткі тасымалымен айналысуды, бұл арқылы көп ақшаға кенелетіндігі туралы ұсыныс жасапты.

Оңай ақшаға арбалған ару бұл бизнесін жүйелі жүргізіп келген көрінеді.

Бұл туралы Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков мәлімдеді.

«Күдіктінің үстінен ҚК-тің 297 бабының 3 тармағымен айып тағылып, тергеу барысында екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді», - деді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир