«Аға, абайлап жүріңізші»: желіде жүргізушіге жолдың нашар екенін ескерткен бала жұртты елжіретті

 kris.p.karasai/видео кадрдан
kris.p.karasai/видео кадрдан
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликте жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желі қолданушыларын кішкентай баланың видеосы елжіретті. Ол жолда келе жатқан көлікті тоқтатып, жүргізушіге жолдың жаман екенін ескертеді және ақырын жүруді өтінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликте жарияланды. Оны көлік жүргізушісі түсіріп алған. Кадрлардан жол бойында тұрған бала қолын көтеріп көлікті тоқтатып тұрғанын көруге болады. Мұны байқаған жүргізуші тоқтап, баладан қайда баратынын сұрайды.

«Аға, еш жаққа мені апармай-ақ қойыңыз, сізге айтатын бір өтінішім бар. Осы жолмен ақырын жүріңізші, отбасыңызды аман-сау апарыңызшы. Осы жолдан кейбір адамдар машинамен қатты жүріп келе жатып, секіріп-секіріп, ұшып құлап түскен болатын, жол апаты болып. Сол, абайлап жүріңізші», - дейді бала. 

Новости партнеров