Бақытжан Сағынтаев шаһардағы жауған қалың қардың қалай тазаланып жатқанын тексерді

17.02.2020 14:46

16 ақпан түнгі сағат 23.30-дағы мәлімет бойынша 93 жағдай қалыпқа келтірілген

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 16 ақпан күні кешкісін қалыңдығы қалада 18 см, ал таулы аймақтарда 90 см-ге жеткен қардың қалай тазаланып жатқанын өз көзімен көру үшін арнайы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында әкім коммуналдық қызметтер мен мердігерлердің жұмысын қадағалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда Бақытжан Сағынтаев сілбі қардың кесірінен ағаштардың құлап, бұтақтары электр тарату желілерін зақымдап жатқанын байқағанын атап өтті

«Бұл өз кезегінде электр тарату жұмысына кедергі келтіріп, үйлер мен көшедегі жарық жүйесінде іркіліс тудыртуда. Кешқұрым көшелердегі жарықтың жоқтығына шағымданған тұрғындардан 200-ге жуық өтініш түсті. Оның салдарын жоюмен 80 электромонтерлер бригадасы айналысуда», – деді Алматы қаласының әкімі.

16 ақпан түнгі сағат 23.30-дағы мәлімет бойынша 93 жағдай қалыпқа келтірілген.




Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһардағы жауған қалың қардың қалай тазаланып жатқанын тексерді. Сілбі қардың кесірінен ағаштар құлап, оның бұтақтары электр тарату желілерін зақымдауда. Бұл өз кезегінде электр тарату жұмысына кедергі келтіріп, үйлер мен көшедегі жарық жүйесінде іркіліс тудыртуда. Кешқұрым көшелердегі жарықтың жоқтығына шағымданған тұрғындардан 200-ге жуық өтініш түсті. Оның салдарын жоюмен 80 электромонтерлер бригадасы айналысуда. 16 ақпан түнгі сағат 23.30-дағы мәлімет бойынша 93 жағдай қалыпқа келтірілді. - Аким Алматы Бакытжан Сагинтаев проверяет, как устраняются последствия обильного снегопада в городе. Из-за мокрого снега падают деревья, ветви которых рвут линии электропередачи. Это приводит к перебоям с подачей электроэнергии в дома и систему уличного освещения. К концу дня поступило порядка 200 заявок об отсутствии освещения на улицах. Устранением занимаются бригады из 80 электромонтеров. По состоянию на 23.30 16 февраля 93 случая исправлены.

Публикация от Асет Мукажанов (@asaiti)16 Фев 2020 в 10:04 PST