Жан ұшыра айғайлаған келіншектің даусын естіген көршісі көмекке келген
Өзбекстанда ер адам үйлену тойынан 10 күн өткеннен кейін әйелін көк ала қойдай етіп сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Оқиға 28 мамыр күні Самарқан облысының Булунгур қаласында болған.
Зухра Омарованың айтуынша, күйеуі балмұздақ аламын деп дүкенге шығып кетіп, үйге мас болып кірген де, жанжал шығарған. Тіпті Үүйінің есігін жауып алып, әйелін есінен танғанша ұрып-соққан.
Жан ұшыра айғайлаған келіншектің даусын естіген көршісі көмекке жүгіріп келген. Зухраның басы жарылып, денесі көгеріп кеткен. Ер адам бірден оны жансақтау бөліміне жеткізді.
Омарова құқық қорғау органдары медициналық сараптама «тым қымбат» деген желеумен оны өткізбеуге кеңес бергенін айтып шағымданды.
Алайда іске Самарқан облысының әйелдер комитеті араласып, сараптама өткізуге көндірген. Ішкі істер органдары Омарованың арызы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр екен. Комитеттің мәліметінше, қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, күйеуі қамауға алынады.
Бұған дейін әйелдер комитеті облыстық Денсаулық сақтау басқармасына ішімдікке тәуелді азаматтардың тізімін берген. Олардың арасында Зухра Омарованың күйеуі де бар екен.