Қарағанды обылысында 2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды

08.05.2019 14:47

Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған

Соңғы екі тәулікте Қарағанды облысының жолдарында мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рулге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «BMW» көлігімен соқтығысқан. 

Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды. 

Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі «RACER» мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған. 

Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Теги: Жол апаты