|
18.08.2020 | 19:14
8225

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмыс істей бастады

Жылжымалы пункттердің жұмыс орындарында санитарлық нормалар сақталады: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киген 1-2 қызметкер өтінім қабылдайды

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмыс істей бастады

18 тамызда Алматы қаласының барлық аудандарында жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Жастар ресурстық орталықтарының жылжымалы пункттері жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған іс-шаралар апта бойы өткізіледі, онда «Жастар практикасы» және «Қоғамдық жұмыстар» Жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары мен жастарды тіркеу жүргізіледі.

Барлық аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының белсенділері жастарға ақпараттық брошюралар тарататын болады.

Барлық тілек білдірушілерге түрлі бағыттағы өзекті бос жұмыс орындары ұсынылады. Әрбір ізденуші сауалнама-түйіндемелерді толтыра алады, олар өңделгеннен кейін Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне беріледі және «Шұғыл талап етіледі» газетінің сайтында жарияланады.

Жылжымалы пункттердің жұмыс орындарында санитарлық нормалар сақталады: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киген 1-2 қызметкер өтінім қабылдайды.

Өтетін күні: 18-23.08.2020

Өткізу уақыты: 11:00-16:00 

Алатау ауданы – Нұркент ықшам ауданы 5/6 (Атлетикалық ауыл) – 8 702 295 7598 – Нұрсұлтан, Алатау ауданы ЖРО үйлестірушісі;

Алмалы ауданы – Жібек Жолы-Панфилов (Арбат) көшелерінің қиылысы, – 8 708 160 8939 – Адиль, Алмалы ауданы ЖРО үйлестірушісі;

Әуезов ауданы  – Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысы (Moskva СОО, Тиграхауд базары) – 8 707 982 6412 – Бақжан, Әуезов ауданы ЖРО үйлестірушісі;

Бостандық ауданы – Тимирязев көшесі 42 (Атакент) – 8 747 380 3711 – Еркебұлан, Бостандық ауданы ЖРО үйлестірушісі;

Жетісу ауданы – Айнабұлақ 1 ықшам ауданы, Жұмабаев-Мақатаев көшелерінің қиылысы (Айнабұлақ базары) – 8 702 143 2828 – Азамат, Жетісу ауданы ЖРО үйлестірушісі;

Медеу ауданы – Жібек Жолы-Пушкин-Райымбек көшелерінің қиылысы (көк базар, Орталық мешіт, Саяхат автовокзалы) – 8 701 405 4316 – Самат, Медеу ауданы ЖРО үйлестірушісі;

Наурызбай ауданы – Шұғыла шағын ауданы 347/2 – Қалқаман – 8 701 804 4007 – Айдар, Наурызбай ауданы ЖРО үйлестірушісі;

Түрксіб ауданы – Шолохов көшесі 2/1 (Алматы базары 1) - 8 747 697 5093 – Асылан, Түрксіб ауданы ЖРО үйлестірушісі.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 747 299 3107 телефон нөмеріне хабарласыңыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир