|
14.08.2019 | 09:48
3854

«Алаңдауға негіз жоқ»: Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы белгілі болды

Наурызбай ауданында адамдарды көшіретін эвакуациялық пункттер ретке келтірілді

«Алаңдауға негіз жоқ»: Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы белгілі болды

Алматының қалалық ТЖД Қарғалы өзеніне қатысты толық ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазәуеқұтқару», «Алматы Құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзірленді», - деді қалалық ТЖД өкілдері.

Құтқарушылардың мәліметінше, Қарғалы өзенінің басындағы көлдің суын жіберу жұмыстары 6 маусымда басталған. Бұған 6 сорғыш, сифон желісі іске қосылған. Сондай-ақ, экскаватормен транзиттік су жүргізу үшін басқа арна қазылған.  

Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген. Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метр болған.

Алдын ала су басуы ықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыл әрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды.

«Қазіргі таңда Қарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Дәл қазір 3,6 текше метр су жіберіп жатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді ТЖД өкілдері.

Айта кету керек, бүгін таңға жақын Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын. ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ТЖД ДЧС
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир