Қазақстандық қарттарға азық-түлік қоржыны табыс етіледі

пресс-служба акимата г . Алматы
пресс-служба акимата г . Алматы
RG Brands компаниясының еріктілер тобы қоржындарды байланыссыз әдіспен жеткізбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

RG Brands компаниясының өнімдері бар 5 мың қоржын Қазақстанның 18 қаласындағы жасы ұлғайған адамдарға жеткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Компания өнімдерін қарттарға жеткізу жұмыстарымен айналысатын еріктілер тобы қоржындарды үйді-үйге байланыссыз әдіспен жеткізбек.  

«Сіз үйде қалыңыз. Біз сіздерді жақсы көреміз және аялаймыз» дей отырып, осы бастаманы қолға алып жатырмыз. СOVID-19 пандемиясынан аға ұрпақты сақтап қалу жағына ерекше назар аудару қажет деп санаймыз. Карантин және шектеулі қозғалыс кезінде біз сіздерді қорғап, сіздердің денсаулықтарыңызға қамқорлық жасағымыз келеді», — дейді компания өкілдері.

Ұлыстың Ұлы күні, қазақтың жаңа жылы – әз-Наурыз мейрамы кезінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа баруы керек. Бірақ осы жылғы мерекені тек отбасы аясында ғана атап өтуге тура келді. Тіпті, көптеген жандар ең жақын адамдарына тек қоңырау соғумен ғана шектеліп отыр. Осындай жағдайда аталмыш компания қашықтан болса да қарттарға жылу мен қамқорлық сыйлауды жөн көріпті.

Компания қызметкерлері қарттарға алдын ала қоңырау шалып, сүт, шай, су және шырын сияқты өнімдерді байланыссыз әдіспен жеткізіп береді.

Компания еліміздегі түрлі қауымдастықтар мен белсенді адамдарды қарттарға жақсылық жасау эстафетасын қолдауға шақырады.


Новости партнеров