Тергеу жұмыстары аяқталған соң соңғы шешімді сот шығарады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» Холдингінің» Аграрлық несие корпорациясының Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген бола отырып, өз құзыретіне кірмейтін шешімді қабылдаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәлірек айтсақ, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік - элеваторды сату-сатып алу келісім-шартын жасағаны үшін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы «Интер-Агро» және «ИнтерАгроТрейд» компаниясының құрылтайшысы мен басшысына тиесілі бұрын келісілген 200 мың АҚШ долларынан 20 миллион теңгені иемденіп кеткен. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.