Алматыда Тарауих намазы қалай, қашан оқылады

depositphotos.com
depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Бұл туралы қаланың бас имамы Төлеби Оспан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады.

"Рамазан – құран айы. Сол себепті осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі. Сондай-ақ Алматы орталық мешітінде "Рамазан шатыры" құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылады. Сондай-ақ, қала мешіттерінде де ауызашар беріледі", - деді қаланың бас имамы.

Тарауих намазы жайында не білеміз?

Іslam.kz мәліметінше, Рамазан айында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқылады. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады»[1], – деген хадисі бар. Сондықтан ер және әйел кісінің жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы – сүннет муәккәдә[2].

Сүннет муәккәдә – бекітілген сүннет, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрдайым істеген және істеңдер деп өсиет еткен амалдар. Мысалы, таңғы намаздың парызынан бұрын екі рәкәғат сүннет намазын оқу. Бұл үкімді орындамаған адам мол сауаптан және қиямет күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) шапағатынан құр қалады.

Тарауих намазының тасбихы

Оқылуы: «Субхаанә зил-мүлки уәл-мәләкүүт. Субханә зил-иззәтә уәл-азамәти уәл-құдрати уәл-кибрия-и уәл-жәбәруут. Субханәл-мәлики-хаййл-ләзи лә йәмуут. Суббуухун құддуусұн раббүна уә раббүл-мәләәикәти уәррууһ. Ләә иләәһә иллаллаһү нәстәғфирұллааһ нәсәлүкәл жәннәтә уә нә узү бикә минәннар».

Қазақша мағынасы: «Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патша Алла пәк. Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы, әрі Жәбірейілдің Раббы, Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және тозақ отынан сақта деп саған сыйынамын».

Тарауих намазының батасы

Оқылуы: «Аллаһүммә салли ала Мұхаммәдин уә ала әли Мұхаммәдин уә сәллим. Аллаһүммә заййна бизинәтил-имани, уә шәррифнәә бисиями шәһри рамадан. Уәрзұқнал-жәннәтә уәлғұфран. Уә тәқаббәл миннә тарауихана я сүбхан. Уәстәжиб дұғаәнә я Ханнан, бифадликә уә жүдикә я Мәннән. Бирахмәтикә я әрхамар-рахимиин».

Қазақша мағынасы: «Уа, бір Алла! Мұхаммедке (с.ғ.с.), әрі үй ішіне игілік ет және есендік бер. Уа, бір Алла! Бізді иман сәнімен сәнде және бізді туралықпен, танымның сыйымен сыйла. Рамазан айымен құрметте. Бізге жәннатты жарылқауды нәсіп ет. Уа, пәк Алла! Біздің тарауих намазымызды қабыл ет. Уа, игілік етуші Алла!

Өз ілтипатың, өз жомарттығыңмен, өз мархабатыңмен бізді жарылқа, уа, аса қамқорлардың ерекше мейірімдісі, Алла!».

Новости партнеров