Алматылықтар Торғын Тасыбекованы ақтық сапарға шығарып салды

21.06.2024 14:50

«Құрмет» орденінің иегері 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Almaty.tv

Алматылықтар Халық әртісі Торғын Тасыбекованы кеше ақтық сапарға шығарып салды. «Құрмет» орденінің иегері 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітіріп, сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданған. Түрлі рөлді асқан шеберлікпен сомдап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Көрермен көзайымына айналған әртісті соңғы сапарға шығарып салуға келгендердің қарасы көп болды.

– Әпкеміздің орны өте бөлек еді. Әр уақытта қамқорына алып, бәрімізге көмектесіп отыратын. Бәріміз жоғары оқу орнын бітірдік. Әпкеміз тәрбиесі, айтқан ақылын тыңдай жүріп, елге қызмет істедік, – деді Т. Тасыбекованың інісі Жұмахан Тасыбеков.

Оқи отырыңыз: Қазақ сахнасының падишасы - Торғын Тасыбекова өмірден озды