Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

primeminister.kz
primeminister.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды. 2020 жылғы шілде айында ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Новости партнеров