Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға үндеу жасады

26.07.2024 14:51

Әңгімелесу барысында жәбірленушіге агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады

Сгенерировано ИИ

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің атынан телефон арқылы алаяқтық жасайтындар пайда болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі ескертті. Ведомство мәліметінше, әңгіме барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

Әрі қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды.

Әңгімелесу барысында жәбірленушіге агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады. Бұл ретте, қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді.

Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар/операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Оқи отырыңыз: Астанада 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті