Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кәмелетке толмаған адамға қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды
Павлодарда Artis хоккей клубының балалар жаттықтырушысы Вячеслав Песеговқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кәмелетке толмаған адамға қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды.
"Биыл 11 наурызда Ақтөбе мұз алаңының киім ауыстыратын бөлмесінде жаттықтырушы 12 жастағы баланы ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды. Ол кінәсін мойындамай, жай ғана дөрекі сөйлегенін айтты", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство өкілі құқықбұзушылық дерегі сот-медициналық сараптама қорытындысы, әкімшілік хаттама және куәгерлердің айғақтары бойынша дәлелденгенін атап өтті.
Сот жаттықтырушыны ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 45 945 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Сот құжаты әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар Писеговтың өзі жала жабылғанын айтып, сол үшін балалардың ата-аналарын жауапқа тартуға ниет білдіріп отыр.
Бұған дейін жас хоккейшілер ата-аналарымен бірге Instagram-да жаттықтырушыны қолдау үшін видео түсіріп, жүктеген болатын.
Дереккөзі: Tengrinews.kz