Рамазан айындағы барлық өңір бойынша ораза кестесі жарияланды

30.03.2022 14:52

Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады

belche.ru

2022 жылғы Рамазан айындағы барлық өңір бойынша ораза және намаз кестесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетсек, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Сонымен қатар пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді.