Түркиядан гуманитарлық көмек келді

01.07.2020 14:52

Келген жүктің салмағы шамамен 1,5 тоннаға жуық

aikyn.kz

Түркия Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Айқын газеті. 

Келген жүктің салмағы шамамен 1,5 тоннаға жуық. Онда 100 мың дана бір реттік маска, 2000 дана қорғаныс киімдері, 2000 дана бетперде, 2000 дана көзілдірік пен 2000 дана медициналық бахила бар.

Көмекті еліміздің Түркиядағы елшілігінің ұйытқысымен KayaTurk Group компаниясы ұйымдастырды.

Өнімдер Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлерге беріледі.

Еске сала кетейік, Түркия бұған дейін де бірнеше рет гуманитарлық көмекпен қоса вирусқа қарсы арнайы препараттар жөнелткен болатын.