Жас өнертапқыш өзін-өзі жөндейтін трактор құрастырып шығарды

11.02.2021 в 14:53

Ол – Жамбыл облысының тұрғыны Жанболат Әмір

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылының тұрғыны өзін-өзі жөндейтін трактор ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жанболат Әмір есімді жас өнертапқыш шаруашылыққа, құрылысқа қажетті әмбебап техникаларды ойлап тауып, құрастырумен айналысады. Бүгінге дейін 3 шағын трактор жасап шығарған ол биыл жер жыртып, шөп шауып, құрылысқа қажетті бетонды араластырып, құм сала алатын трактор жасап шығарды. Оның ерекшелігі аталған трактор өзінің ахауларын өзі жөндеп, қайта іске қоса алады.

«Бұл менің сүйікті ісім. Ынта және тынымсыз еңбек болса, ойда жүрген дүниелерді жүзеге асыруға болады. Құрастырған тракторымды алдағы көктемгі дала жұмыстарында сынап көремін. Бұл техникамен бір емес бірнеше жұмыстарды жүргізу болады. Мұны құрастыруға көптеген жарамсыз техникалардың материалдарын пайдаландым. Сондай-ақ, бұл трактор өз кемшілігін өзі шұғыл реттеп, жұмысты үздіксіз атқаруға мүмкіндік береді» дейді Жанболат. 

Сонымен қатар, ол бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра беруге, әлі де тың идеяларды іске асыруға ниетті.