Қазақстандық Әмір Закиров брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды

facebook/breakingforgold
facebook/breakingforgold
Жарысқа дүниежүзінің 48 елінен 180 шебер брейкдансер қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-те жазды.

Алтын медаль үшін күресте қазақстандық биші АҚШ пен Жапониядан қатысқан қарсыластарынан озық шықты.

Жарысқа дүниежүзінің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысқан, оның 99-ы жігіт, 81-і қыз.

"Осы ретте Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канадалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizard басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сонымен бірге біздің брейкдансер былтырғы әлем чемпионатының финалисі жапониялық Shigekix-ті жеңді. Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сонымен бірге чемпионымызға қарқынын үдетпей, 2024 жылғы Олипиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін. Айта кетейін, брейк-данс 2024 жылғы Олимпиадада ресми дисциплинаның бірі болады" деді Асхат Оралов.

Новости партнеров