Жас буын өкілдерінің дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет

01.06.2021 14:55

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды

Фото: kapital.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі»,– деп жазды Мемлекет басшысы.