Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді

phonoteka.org
phonoteka.org
2023 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 398 мәміле тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір жылда (2023 жылғы қыркүйек 2022 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 5,7% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 3,9% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2% төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй жылдық мәнде баға Павлодар – 18,9%, Семей – 16%, Ақтау – 11,7% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Қызылорда (14,6%), Талдықорған (9,7%) қалалары, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Қарағанды (24,8%), Қонаев (24,6%), Қызылорда қалалары (22,5%).

Тұрғын үйді алып-сату бойынша 2023 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 398 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 815 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 26 583 мәміле жасалды. 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда (38 810) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 8,8%-ға азайды.  

Мәміле саны бойынша Астана (6 731 – 19%) және Алматы (6 436 – 18,2%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 041 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 319 бірлік (0,9%).

2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте мәміле жасау Алматы қаласы (+8,6%) мен Батыс-Қазақстан облысын (+2,6%) қоспағанда, еліміздің барлық өңірінде төмендеді. Ал мәмілелер санының ең қатты азаюы Солтүстік-Қазақстан (26,4%-ға), Ұлытау (22,2%-ға) және Қостанай (19,4%-ға) облыстарында тіркелді.

2023 жылдың тамызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7,3%-ға (2 086 мәмілеге) кеміді. Қыркүйек айында пәтерлер бойынша барлығы           26 583 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,8%), Алматы (22,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым, қыркүйек айында олар бойынша 10 184 мәміле ресімделген.

2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда, қыркүйекте жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 13,1%-ға азайып (1 326 мәмілеге), 8 815-ті құрады. Оң динамика тек Астана (15,7%), Алматы (1,4%) қалаларында және Батыс-Қазақстан (6,4%), Түркістан (2,7%) облыстарында тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында 34,1%-ға кему байқалады, бұл барлық өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.  

2023 жылдың қыркүйегінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 2,3%-ға азайған, ол кезде 36 241 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Түркістан облысында (26%-ға) тіркелді, ал Солтүстік-Қазақстан облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (22,1%-ға) байқалды. Теріс динамика 2023ж. қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -26,4%-ды  құрады.

Новости партнеров