|
25.04.2023 | 09:56
2229

Алматыда балаларды тегін секция мен үйірмеге тіркеу басталады

Ата-аналар үшін Telegram қолдау қызметі бар

Алматыда балаларды тегін секция мен үйірмеге тіркеу басталады Фото ашық дереккөзден

Алматыда 2 мамырдан бастап балаларды тегін секция мен үйірмеге тіркеу басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінім қабылдау басталады.

Бүгінде пайдаланушыларға қосымша мүмкіндік пен ыңғайлы жағдай ұсынатын www.damubala.kz атты жаңа ақпараттық жүйеге көшу аяқталды.

2023 жылғы 3 наурыздан бастап Алматы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық және мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін өкілеттікті аудан әкімдіктеріне берді. Мемлекеттік тапсырысты үйлестіруді аудандарға беру бағдарламаны іске асыру кезіндегі көптеген кемшілікті алдын алады. Мысалы, тегін секциялар мен үйірмелерді тіркеу және дұрыс көрсетпеу фактілері кездесті.

26 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап операторлар бағдарламада бұрын жұмыс істегендер мен жаңадан қосылушылар үшін жеткізушінің жұмысына кәсіпкерлерден өтінім тіркеуді бастайды.

2 мамырда сағат 18:00-ден бастап ата-аналар порталдағы үйірмелер мен секцияларға қатысу үшін балаларын тіркей алады.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.

Анықтама:

Алматы қаласындағы жеткізушілер мен ата-аналар үшін платформаны әзірлеушінің Telegram қолдау қызметі (ата-аналар үшін), Telegram қолдау қызметі (жеткізушілер үшін) бар.

Анықтама үшін қосымша байланыстар:

- Алматы қаласының спорт басқармасы: 2924167;

- Алматы қаласының мәдениет басқармасы: 2720317;

- Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты: 2998649;

- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 2725698;

- Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 3032558;

- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 2755068;

- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 3842760;

- Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты: 2916494;

- Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 3074553;

- Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 2231115;

- «DamuBala» платформасын әзірлеуші: +77750075920.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир