Полицейлер қазақстандықтарға үндеу жасады
Полицейлер азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ соңғы уақытта вандализм, бұзақылық, бөтеннің мүлкін бұзу актілері жиілеп бара жатқанын және олар көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда өрескел түрде жасалатынын айтты.
- Өзгенің мүлкін жою немесе бүлдіру, бағаламау қоғамды сыйламау, құрметсіздік таныту әрекеті заңмен жазаланады. Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік пен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді, - деді Айдын Оразбаев.
Осындай факті бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеуді жүргізумен айналысуда ерекше ден қояды.
- Биыл аталған бап бойынша шамамен 1,5 мың қылмыстық іс тіркелді. Кінәлі адамдар заңмен бекітілген жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік заңнамамен бөтеннің мүлкін қасақана жою және бұзуғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Нәтижесінде елеулі залал келтірілген бөтеннің мүлкі жойылған немесе бүлінген жағдайда (шығын сомасы айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын болса) кінәлі адамдар Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады, ол сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаны көздейді, - деді Айдын Оразбаев.
Егер іс-әрекет белгілері болмаған жағдайда кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы бойынша жауапқа тартылады. Ондай жаза 5-тен 15 тәулікке дейін мерзімге әкімшілік қамау түрін көздейді. Қайталап бұзушылық жасаған кезде 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
- 2023 жылы осы бап бойынша 1700 астам әкімшілік іс қозғалды, 193 адам әртүрлі мерзімге әкімшілік қамауға жабылды. Сондықтан азаматтарды заңды және тәртіпті сақтауға шақырамыз, вандалимзнің, бұзақылықтың, бөтеннің мүлкін бұзудың фактісі туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.
Оқи отырыңыз: Өскеменде жасөспірім төртінші қабаттап құлады