Қызметкерлерге мықты денсаулық тіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
– Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.
Оқи отырыңыз: А. Әшімов: 25 қазан – қазақ еркіндік алған күн