Алматыда 800-ге жуық шетелдік ұсталды

23.07.2019 14:57

196 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды

Алматыда «Заңсыз» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Жүргізілген рейд нәтижесі бойынша 794 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін, қабылдаушы жақтың жеке және заңды тұлғалары арасында қазақстандық 168 азаматқа айыппұл салынып, 56 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатарқабылдау бөлімдеріне жеке куәлігі жоқ 336 шетелдік азамат тіркелді. 196 шетелдік соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактілері бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді Алматы қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Теги: шетелдік