|
11.10.2019 | 09:57
20239

Қазақстанда аса қауіпті ауру таралып барады (видео)

Жыл сайын дәрі-дәрмекке төзімді туберкулез 250 мың адамның өмірін жалмайды екен

Беларусь, Ресей және Қазақстанда туберкулезбен ауырғандардың шамамен төрттен бірінде емдеуге келмейтін формасы анықталады, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Жыл сайын дәрі-дәрмекке төзімді туберкулез 250 мың адамның өмірін жалмайды екен. Бұл аурудың белгілері-тұрақты жөтел, шаршау, салмақ жоғалту. Дәрілік заттардың әсеріне төзімділігі өсіп жатқаны айтылады.

Global Fund зерттеушілері (ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін ғаламдық қор) аурудың "жаһандық қауіпсіздік үшін апат салдарының ықтимал қаупі" екенін ескертеді.

"Туберкулез ауа-тамшы жолымен таралады. Сіз оларды кез келген жерде жұқтырасыз. Сол немесе басқа елдің тұрғындарын жұқтырудың алдын алудың ең жақсы жолы - ол пайда болған жерде туберкулезбен күресу. Өйткені көші-қон процестеріне байланысты әркім ауырып қалуы мүмкін. Әлем елдері үкіметтеріне оянатын кез келді", - дейді Global Fund үйлестірушісі Элиуд Вандвало.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир