10 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға «Отбасы банк» пен «Қазақстанның Халық банкі» (операторлар) арқылы 104 076 өтініш түскен
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 104 мыңнан астам азаматтан өтініш түсті. Бұл мүмкіндікті 700 мыңға жуық қазақстандық қолдана алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.
10 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға «Отбасы банк» пен «Қазақстанның Халық банкі» (операторлар) арқылы 104 076 өтініш түскен. Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегі бар азаматтар баспана жағдайын жақсартпақ.
Осы өтініштердің 6,8-і өңделіп жатыр. Операторлар шотына 36,8 миллиард теңге жіберіледі.
32,8 мың өтініш заңнама талабына сай келмегендіктен, қарастырылмайды.
Жалпы сомасы 350 миллиард теңгеге 64,3 мың өтініш мақұлданды. Төлемнің орташа сомасы - 5,4 миллион теңге.
Өтініш саны бойынша әлі де Алматы (20,6%), Нұр-Сұлтан қалалары (16,7%) мен Маңғыстау облысы (14,6%) алда.