Полицейлер оны 8 наурыз күні іздеп тапқан
16 жастағы Михаил Марченконы полицейлер 8 наурыз күні тапты, деп жазады mgorod.kz.
Анасының айтуынша, баласы дін аман.
«8 наурыз күні кешкі сағат 18:00-де ұлымды полицейлер тапты. Ол Зашағандағы достарының үйінде болған. Мүмкін, ол өзін ересек адам сезінген болар. Өйткені, арамызда ешқандай кикілжің болмаған. Неге олай істегенін сұрасам, үндемейді. Енді бұл жағдай қайталанбас үшін оны психологқа апаруым керек.
Ұлымды іздеуге атсалысқандардың бәріне, әсіресе полицейлерге алғысым шексіз», – дейді жасөспірімнің анасы.
Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Михаил Марченко үйінен шығып, қайта оралмаған. Жасөспірімнің анасы ұлының жоғалғанын әлеуметтік желіге жазып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.