1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Мереке алғаш рет 1950 жылы атап өтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Халықаралық балаларды қорғау күні немесе Халықаралық балалар күні (International Children's Day) – жыл сайын өткізілетін, балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау мақсатында атап өтілетін халықаралық мейрам. 1949 жылы Мәскеу қаласында өткен Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің сессиясында ресми түрде қабылданған.

Алғаш рет 1950 жылы атап өтілді.

Мұндай мерекені бекіту туралы ұсыныс алғаш рет 1925 жылы Женевада өткен Дүниежүзілік конференцияда жасалған болатын.

Негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция.

Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды.

Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйланады, соның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдар, спорттық жарыстар және т.б. ұйымдастырылады.

Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.

Балалар күнін неге 1 маусымда атап өту туралы шешім қабылданды?

Бір нұсқада айтылғандай, 1925 жылы Сан-Франциско қаласында Қытайдың бас консулы бір топ қытайлық жетім баланы жинап, оларға 1 маусым күні құлаған Дуан Ву Джи мерекесін ұйымдастырды. Сәтті кездейсоқтық арқылы бұл күн Женевада өткен «балалар» конференциясының уақытына сәйкес келді.

Сонымен қатар әлем халықтары балаларға арналған Халықаралық нәрестелер күні (20 қараша), Африка балаларын қорғау күні (16 маусым) және Ақ орхидеялар күні («түтіктен» шыққан балалар мерекесі; сәуірдің алғашқы жексенбісі) сынды мерекелерді атап өтеді.

Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек.

Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.

Аlmaty TV ұжымы осы қуанышты күні жас қазақстандықтарға шын жүректен зор денсаулық, бақытқа толы балалық шақ, тамаша көңіл күй, жетістіктер мен жеңістер тілейді. Болашақ ұрпақтың әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне, барлық игі тілектің орындалуына және жазғы демалысты жақсы өткізуіне тілектеспіз!

Оқи отырыңыз: Президент Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Новости партнеров