100 млн теңге табыс: Қостанайда наркобизнестің жолы кесілді

Тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқаны анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай қаласының соты әлеуметтік желілер арқылы есірткі сату ісі бойынша айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған қылмыстық істі тергеуді ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізді.

Тергеу барысында бір топ адамның Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқаны анықталды. Осы ресурс арқылы 2 мыңнан астам клиент есірткі сатып алып, жалпы айналым 100 млн теңгеден асқан. Есірткі саудасынан түскен табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің атына рәсімделген банктік карталар пайдаланылған.

"Тінту кезінде жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркіленді. Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", — делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда суды аз қажет ететін жаңа күріш сорты шығарылды

 

Новости партнеров