Ол үйінен қашып кеткен боп шықты
29 сәуір күні Алматы облысы Жетіген ауылында жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз табылды, деп жазады patrul.kz.
Оқушының анасы Іле аудандық полиция бөлімшесіне қызының жоғалып кеткені жайлы арыз түсірген. Қызды іздеу үшін арнайы шара ұйымдастырылып, оны Жетігендегі қонақүйлердің бірінен тапқан.
Қыз жоғалмаған, үйінен қашып кеткен боп шықты. Полицейлер оқушымен сөйлесіп, оны қадағалауға алды. Қазір қыз бала ата-анасының жанында.