Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2021 в 13:20

1992 жылдың 7 мамырында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһар басшысы өзінің құттықтауын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

«Отан қорғаушылар күні Қала тұрғындарының бейбіт өмірі мен тыныштығы үшін еңбек етіп жүрген барлығыңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Басты ұстаным — парыз, батылдық пен абырой. Ерлік, табандылық пен патриотизм мерекесінде Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілеймін», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Айта кетейік, Президент Қ. Тоқаев та қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған еді.

Еске сала кетейік, 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.