Қолданыстағы жеткілікті шек бойынша зейнетақы жинағының артық бөлігін қашанға дейін алуға болады

11.03.2022 15:15

Арнайы шотқа ақша аударылғаннан кейін өтініш беруші 20 жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды жүктеуі тиіс.

ainews.kz

Қолданыстағы жеткілікті шек бойынша зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін қазақстандықтар еnpf-otbasy.kz платформасында 28-29 наурызға дейін өтініш беруі қажет , деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Отбасы банктегілердің" айтуынша, өтінім екі жұмыс күні ішінде қаралады және БЖЗҚ-ға жіберіледі.

Одан әрі қор бес жұмыс күні ішінде ақшаны "Отбасы банкте" немесе басқа оператор банкте ашылған арнайы шотқа аударады.

Арнайы шотқа ақша аударылғаннан кейін өтініш беруші 20 жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды жүктеуі тиіс.

Оператор оларды тексеріп, ақшаны алушыға (тұрғын үй сатушыға) 10 жұмыс күні ішінде аударады.

Еске салайық, 1 сәуірден бастап зейнетақы шегі (алынбайтын сома) 60-80 пайызға артады.