Президенттің айтуынша домбыра ұлттың символына айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.