Танымал қаржыгер Дәулет Сембаев дүниеден озды

15.11.2021 в 15:01

Дәулет Сембаев 87 жасында көз жұмды

Танымал қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жеткізді.

«Дәулет Хамитұлы Сембаев дүниеден озыпты... Ғаламат адам, ғаламат азамат еді...», – деп жазды Айдос Сарым Facebook парақшасында.

Сембаев Қазақстандағы 1998 жылғы зейнетақы реформасын жасаушылардың бірі ретінде танымал. Ол 1935 жылы 10 тамызда Алматыда мұғалім, кейін Қазақ КСР Халық Комиссары, оқу министрі Әбдіхамит Сембаевтың отбасында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде премьер-министрдің орынбасары, 1993-1996 жылдары - Ұлттық банк төрағасы, Сенат депутаты болды. 

2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.