Пара алды: Ақмола облысында әкім мен оның орынбасары ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин мен оның орынбасары ұсталды, деп жазады sn.kz порталы kokshetau.asia ақпараттық басылымына сілтеме жасап.
17 қаңтар күні сағат 18:30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин және оның орынбасары Екілас Мұқашевті әкімдік ғимаратында 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады.
Бұл фактіні Ақмола облысы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы да растап отыр. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Мереке Мұстафин 2017 жылы 20 желтоқсанда Зеренді ауданының әкімі боп тағайындалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00