Жаңа ережені бұзған ит пен мысық иелері қалай жазаланады

proprikol.ru
proprikol.ru
Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменованың бұйрығы 23 наурызда жарияланған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда жаңа ережені сақтамаған ит пен мысық иелері қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменованың бұйрығы 23 наурызда жарияланды, қоғамдық талқылау 6 сәуірге дейін жалғасады.

Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Ринат Есмағұловтың айтуынша, үй жануарларының иелері ережені бұзса, әкімшілік жазаға тартылады.

«Әкімшілік құқық бұзышылық кодексінің «Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу» деген 407-бабы, 2-ескертуі бойынша, жеке тұлға 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл - 34 500 теңге», - деді Ринат Есмағұлов.

Новости партнеров