Ақтөбе зауытында жұмыскерге найзағай түсіп, көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Аталған жайт бойынша еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зауыт жұмысшысы найзағайдан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақтөбеде экскаватор тізгіншісінің өліміне қатысты мән-жай анықталып жатыр. Қайғылы оқиға ферроқорытпа зауытының аумағында болған. Куәгелердің сөзінше, далада найзағай ойнап, жаңбыр құйып тұрғанда зауыт қызметкерлері кешкі ас ішіп отырған. Сөйтіп, терезеден әріптесіне найзағай түскенін көрген. Ер адам алған жарақаттан жерге құлап, есінен таныпты. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған, алайда дәрігерлер келгенге дейін зардап шегуші жан тәсілім еткен. Тексеріс оның көз қарашығының кеңейгенін, тынысының тоқтағанын, жүрегінің соқпай тұрғанын анықтапты. Аталған жайт бойынша еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр.

«Ақтөбе ферроқорытпа зауытының аумағында ТОО «Металлург» ЖШС-ның жұмысшысы найзағайдың түсуіне байланысты жан тапсырды. Қазіргі таңда мекеме тарапынан арнайы хабарлама келіп түсті. Ары қарай комиссия өз шеңберінде жұмыстарын жалғастыратын болады», - деді облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы мемлекеттік мекемесінің еңбек инспекторы Асхат Жұмалы.

Новости партнеров