Еліміздің басына түскен ауыр қайғыны жұмыла көтеруіміз керек – Мұхтар Шаханов
Depositphotos
Ақын Президенттің ланкестерге қатысты қабылдаған шешімін толық қолдайтынын айтып, халықты бірлікке шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ел басына күн туған сәтте ақын Мұхтар Шаханов та өз ойын іште бүгіп қалмады. Ол ел Президентінің ланкестерге қатысты қабылдаған шешімін толық қолдайтынын айтып, халықты бірлікке шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ ата-баба арманы болған егемендіктің басты байлығымыз екенін жеткізді.
«Еліміздің, ұлтымыздың басына түскен ауыр қайғыны жұмыла көтеруіміз керек. Мұндай қиын жағдай бұрын-соңды болған емес. Сондықтан біз Президентіміздің айтқанын толық қолдаймыз. Ол кісі – ылғи шындық биігінен, елдік, ұлттық биігінен көрініп жүрген қазақтың дара перзенті», – деді Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35