Еліміздің басына түскен ауыр қайғыны жұмыла көтеруіміз керек – Мұхтар Шаханов

11.01.2022 15:30

Ақын Президенттің ланкестерге қатысты қабылдаған шешімін толық қолдайтынын айтып, халықты бірлікке шақырды

Фото: qazaquni.kz

Ел басына күн туған сәтте ақын Мұхтар Шаханов та өз ойын іште бүгіп қалмады. Ол ел Президентінің ланкестерге қатысты қабылдаған шешімін толық қолдайтынын айтып, халықты бірлікке шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ ата-баба арманы болған егемендіктің басты байлығымыз екенін жеткізді. 

«Еліміздің, ұлтымыздың басына түскен ауыр қайғыны жұмыла көтеруіміз керек. Мұндай қиын жағдай бұрын-соңды болған емес. Сондықтан біз Президентіміздің айтқанын толық қолдаймыз. Ол кісі – ылғи шындық биігінен, елдік, ұлттық биігінен көрініп жүрген қазақтың дара перзенті», – деді Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов.