Қазақстанда маусым айының әр екінші жексенбісінде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді
Алматы мақта-мата комбинаты (АХБК) бір кездері аты аңызға айналған зауыт болатын. Онда 10 мың адам жұмыс істеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы мақта-мата комбинатының іргетасы 1961 жылы қаланды. Әрине, онда жұмыс істеу оңай болған жоқ. Құрылыс материалдарын тиеген машиналар цехтарда жүрсе, жұмысшылар станоктардан алшақтап, арасында жұмыс істейтін орындарды әрлеу жұмыстарына көмектесумен де айналысты. Құрылыс жұмыстары 1970 жылы фабрикада екінші жіп иіру-тоқу және әрлеу бөлімі ашылғаннан кейін тоқтатылды.
Өндірістік қуаты жағынан Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын одақтас республикалардан жеткізілетін шикізаттан жылына 74 миллион метр мақта-мата өнімін шығаратын.
Алып комбинаттың жұмысшыларына арналған үйлерден Алматыда ел аузында «цифрлы» деп аталатын көптеген ықшамаудан пайда болды. Жеке емханасы, балабақшасы, тіпті мәдениет Сарайы бар еді. Тоқсаныншы жылы тоқыраған кәсіпорынның ғимаратында қазір Қытай мен Түркияның, тіпті көрші Қырғызстанның киім-кешегі сатылады.